Өнер үйрететін, қоғамда атқаратын қызметінің тірегі болатын музыка мұғалімдерінің еңбегі, егеменді еліміздің болашағы жеткіншектерінің білім дәрежесінің тереңдігімен өлшенеді.

Мұқан Төлебаев балалар музыкалық мектебінде бүгінгі таңда оқушыларға қосымша білім мен музыкалық эстетикалық тәрбие беру арқылы оқушыларының қабілеттерін дамытып, олардың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлау қабілеттерін жетілдіре отырып, әр оқушының білімділігін, іскерлігін арттыруда аталған мектептің мұғалімдері зор үлес қосуда.

Оқу және тәрбие процесстерін ұйымдастыру барысында, оқушылардың музыкалық қабілеттерін шыңдап, олардың аспапта орындау шеберліктерін,әр түрлі штрихтарды орындау арқылы техникалық ойнау шеберліктерін арттырып сынақтан өтіп,тиісті бағалары қойылды.